amin.kz/ 9 қыркүйек, 2020 жыл Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тило Клиннерді қабылдады.
Кездесуде Қазақстан мен Германия арасындағы әріптестік байланыс барысы сөз болып, адам құқықтарын сақтау, бірлік пен бейбітшілік құндылықтарына қауіп төндіретін әрекеттерге қарсы күш біріктіру, жастарды жаман әдеттен сақтандыру сынды мәселелер қозғалды.
Өз кезегінде елші Тило Клиннер Германиядағы діни бірлестіктердің жұмысы туралы Бас мүфтиге баяндап берді.
Басқосу барысында тараптар ортақ жобалар бойынша ынтымақтастықты арттыруға уағдаласты.