Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Астанада «Әзірет Сұлтан» мешіті ауласында Мәжіліс депутаттарымен бірге «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты.
Ағаш отырғызу іс-шарасында Бас мүфти: «Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен еліміз бойынша 2024 жылғы 8 сәуір мен 11 мамыр аралығында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жарияланды. Бұл бастамаға жер-жердегі дін қызметкерлері де үлес қосуда.
Асыл дінімізде айналаны абаттандыру, тазалау, көгалдандыру жұмыстарына үлес қосу сауапты істердің бірі саналады. Бұл – жас ұрпақты ізгілік пен еңбекқорлыққа баулитын бастама. Сондықтан біз мұндай өнегелі істерді жан-жақты дәріптеуге көңіл бөліп келеміз», – деді.