Бас мүфти төтенше жағдайда көбірек құлшылық жасауға үндеді (+ ВИДЕО)

amin.kz/ 25 сәуір, 2020 жыл. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан ұлттық арнасындағы “Ораза қабыл болсын” бағдарламасына қатысып, Рамазан айының қадірі мен қасиеті жайлы сұхбат берді.

Тікелей эфирде өткен бағдарлама барысында Бас мүфти халықтан түскен сұрақтарға да жауап берді.

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы көрермендерді қасиетті айда қайырымдылық шараларға үлес қосуға үндеді. Сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде үйде көбірек құлшылық етуге, жұқпалы індетке қарсы дұға жасауға шақырды.

Айта кетсек, Қазақстан ұлттық арнасындағы “Ораза қабыл болсын” бағдарламасы күн сайын тікелей эфирде көрсетілмек.