Рамазан: Мақат аудандық мешіті отыз отбасыға азық таратты

amin.kz/25 сәуір, 2020 жыл. Қасиетті Рамазан басталысымен Мақат аудандық орталық мешіті отыз отбасына азық-түлік жеткізді.

Қайырымдылық көмек негізінен әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы, мүмкіндігі шектеулі азаматтар категориясын қамтыды.

«Алланың разылығын ойлап, ешқандай алғыс күтпестен риясыз жәрдем беру – жоғары адамгершілік қасиет. Алла Тағала Рамазан айында ораза ұстаған және садақа бергендердің қарымтасын өзім беремін» деген. Игілік істе бірігуге шақырамын» дейді Мақат аудандық орталық мешітінің бас имамы Біләл Сағындықов.

Еске сала кетелік, шаңырақтың әрқайсысына таратылған жиырма келі шамасындағы пакеттер бірінші қажеттіліктегі азық-түлікпен қамтамасыз етілген.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.