«Бір айда исламды үйрен»: Жылыой мешіті ерекше курс бастады

Жылыой аудандық мешітінде әйел жамағатына арналған жаңа жоба іске қосылды.

«Бір айда исламды үйрен» атты жоба аясында шәкірттер сенім (ақида), ғибадат (фиқһ) және ихсан ілімі тақырыптары аясында ілім алатын болады.

«Бұл курс құлшылық жасау кезінде қателік жібермеуге көмектеседі. Үздік атанып, емтиханнан сүрінбей өткен шәкірттерге арнайы сертификаттар беріледі» дейді ұйымдастырушылар.

Еске сала кетелік, айлық курсқа шәкірттер тегін қатыса алады.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.