Біз біргеміз: Мақат ауданында құрбандық шалынып, ел амандығы үшін дұға жасалды

amin.kz/4 сәуір, 2020 жыл. Мақат ауданының орталық мешітінде кәсіпкерлер сиыр малын құрбандыққа шалып, мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетті.

«Бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы елордада «Қайырымдылық керуені» жобасын бастап берген болатын. Ондағы мақсат осындай қиын-қыстау кезеңде әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қолдау білдіру.

Жақында ғана Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы аймақ кәсіпкерлерін игілікті істе жұмылуға шақырған еді. Осы үндеуге Мақат ауданының кәсіпкерлері үн қосып отыр. Алла Тағала елімізді зауалдан сақтап, аман-есен мамыражай күндерге оралуымызды нәсіп еткей» дейді Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов.

Бұл күні Мақат ауданында әлеуметтік жағдайы төмен 24 отбасына құрбан малының етімен бірге, бірінші қажеттіліктегі азық-түлік табыс етілді.

Жақсылықта жарысайық! #Бізбіргеміз

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.