Мектеп оқушыларына арналған видео сабақтардың кестесі жарияланды (+ ФОТО)

amin.kz/4 сәуір, 2020 жыл. Сәуірдің алтысынан басталатын онлайн сабақтардың кестесі жарияланды. Мектеп оқушыларына арналған онлайн видео сабақтар «Балапан» және «Еларна» каналдарында көрсетіледі.

Бұл туралы коронавирусқа қарсы күреске жұмылдырылған Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.

Еске сала кетелік, елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты мектеп оқушылары мен колледж, жоғарғы оқу орындары қашықтықтан оқыту жүйесіне көшті.

Мектептердегі төртінші тоқсан сабағы 6 сәуірден басталады. Назарларыңызға 6-10 сәуір аралығындағы видеосабақтар кестесін ұсынып отырмыз.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.