Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Семейге сапарында бірқатар қайырымдылық шарасын өткізді.
Игі бастамаға қолдау білдірген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Семейдегі мешіттерде білім алып жүрген балаларға сый-сияпат табыстады. Оның ішінде 7 балаға Бас мүфти гранты берілді.
Грант иелері енді еліміздің әр түкпіріндегі айтулы медреселерде өз білімін шыңдайды.