Ерікті жастар «Мәулімберген» мешітінде тазалық жүргізді

amin.kz/ 10 маусым, 2020 жыл. «Иман жастары» Атырау қаласына қарасты Тасқала ауылында орналасқан «Мәулімберген» мешітіне тазалық жұмыстарын жүргізді.

Еріктілер мешіттің ауласын тазалап, жалғама құрылысынан қалған қалдықтарды шығарды. Бұған дейін еріктілердің мешіт ұжымымен бірге жалғаса құрылыс ғимаратына ерекше атсалысқанын атап өткеніміз жөн.

2004 жылы тұрғызылған мешіттің жалпы ауданы 530 шаршы метр. Жалғама құрылыс ғимараты мешітке жамағаттың сыйымдылығын арттырады деп күтілуде.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.