Мүфтият уағыздардың қалай жүргізілуі керек екендігін айтты (+ ВИДЕО)

amin.kz/ 10 маусым, 2020 жыл. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жергілікті ақпараттық насихаттық топтың онлайн режимде жиналысын өткізді.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен жиында уағыз тақырыбын таңдау, аудиториямен жұмыс, жалпы, уағыз жүргізу формасы мәселелері талқыланды.

Семинарда Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы насихат айту әдіс-тәсілдері туралы ойларын бөлісті. Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров ЖАНТ мүшелеріне арналған құжатпен таныстырды. ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы дін қызметкерінің келбеті туралы баяндама жасады. Уағыз-насихат бөлімінің маманы Хамзат Қажымұратұлы «Діни уағыздың құрылымы, жасалуы, жеткізу тәсілі» тақырыбында баяндама жасап, ойларын ортаға салды.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.