Зекет: Атыраудың орталық мешітінде мұқтаж отбасыларға азық үлестірілді (+ ВИДЕО)

amin.kz/ 9 маусым, 2020 жыл. Атырау облысының орталық «Иманғали» мешітінде барлығы 70 отбасына азық-түлік таратылды.

Зекет есебінен түскен қаражат мүмкіндігі шектеулі отбасыларға үлестірілді.

«Ата-бабаларымыз қай кезеңде де өздерінің тұрмыс-тіршілігін ислам дінінің негіздерімен ұштастыра білген. «Кең болсаң кем болмайсың» деген қағиданы ұстанған дана халқымыз маңайындағы мұқтаж жандарға қайырымдылық жасап, қол ұшын созып көмек көрсетуді өсиет еткен. Алла Тағала ниетімізді қабыл етсін» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Еске сала кетелік, бұған дейін мүмкіндігі шектеулі және әлеуметтік жағдайы төмен 45 отбасына қайырымдылық жасалған болатын. Ізгі шара 25 отбасына көмек көрсетумен жалғасын тапты.






Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.