Атырау облысында имамдарға уақып жұмысының маңыздылығы мен негізгі бағыттары бойынша арнайы ақпараттық кездесу өткізілді.
Кездесу барысында уақыптың қоғамдағы рөлі, оның қайырымдылық пен әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудағы орны кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ уақып қаражатын тиімді пайдалану, халық арасында насихаттау және игі бастамаларды қолдау мәселелері талқыланды.
Жиында уақып мәдениетін дамыту – қоғамдағы ізгілік пен бірлікті нығайтудың маңызды тетігі екенін атап өтті. Сонымен қатар имамдарға бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру, жамағатқа түсіндіру және қайырымдылық шараларын жүйелі түрде ұйымдастыру бойынша ұсыныстар берілді.
Аталған кездесу уақып институтын дамытуға серпін беріп, өңірдегі қайырымдылық жұмыстардың аясын кеңейтуге бағытталды.




