АТЫРАУДА ИМАМДАР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ӨТКІЗДІ

Атырауда имамдар «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік ұйымдастырып, мешіт аулалары мен қала көшелерін абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Игі шара барысында дін қызметкерлері мешіттердің ауласын тазалап, айналаны қоқыстан арылтып, көгалдандыру және ретке келтіру жұмыстарын атқарды. Сонымен қатар, тұрғындарды тазалықты сақтауға, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға шақырды.

Аталған акция – қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі. Имамдар мұндай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.