Иманғали орталық мешітінің наиб имамы, ҚМДБ пәтуа бөлімінің өңірдегі жауапты маманы Мұрат Мұстафаев Жылыой ауданындағы Жылыой мұсылмандары мешітіне арнайы барып, жамағатпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында жиналған жамағаттың көкейінде жүрген діни сұрақтарына жауап беріліп, шариғаттағы өзекті мәселелер кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ, дәстүрлі діни танымды ұстанудың маңыздылығы мен қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты сақтау жайы да тілге тиек етілді.
Жиын соңында жамағат ел амандығы мен бірлігі үшін дұға жасады.






