ҚОСШАҒЫЛ АУЫЛДЫҚ МЕШІТІНЕ НАИБ ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Атырау облысы Жылыой ауданы Қосшағыл ауылдық мешітіне жаңа наиб имам болып Маркс Абзал Марксұлы тағайындалды.

Маркс Абзал Марксұлы 2005 жылы 21 ақпанда Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында дүниеге келген.

2012-2021 жылдары Қосшағыл ауылындағы №2 жалпы орта білім беретін мектепті тәмамдаған.

Ал 2021-2025 жылдары Ақтөбе медресе-колледжінде білім алып, діни салада арнайы даярлықтан өткен.

Жас маманның қызметіне сәттілік тілейміз!