МЕШІТ ЖАСТАРЫ АРАСЫНДА ТАРТЫСТЫ ФУТБОЛ САЙЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Атырау қаласында Атырау облысы Дін істері басқармасы, «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» жобасы аясында кіші аяқдоптан ауқымды футбол жарысы өтті.

Шараның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, діни сауаттылықты арттыру және қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты нығайту.

Жарысқа қала мешіттерінің жамағаттары мен жастардан құралған командалар қатысып, тартысты ойын көрсетті.

Қорытынды бойынша І орынды «Мәулімберген» мешіті, ІІ орынды «Қайтпай Сұлтан» мешіті, ал ІІІ орынды «Қажымұқан Мұңайтпасов» мешіті иеленді.

Сондай-ақ, үздік ойыншылар арнайы номинациялармен марапатталып, барлық қатысушыларға алғысхаттар табысталды.