«ИМАН» МЕШІТІНЕ ЖАҢА НАИБ ИМАМДАР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Атырау қаласындағы «Иман» мешітіне жаңа наиб имамдар тағайындалды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығына сәйкес, Орынбасар Иса Өтегенұлы мен Берік Тілепбергенов «Иман» мешітінің наиб имамдары қызметіне тағайындалды.

Жаңа тағайындаулар туралы бұйрықты Иманғали орталық мешітінің наиб имамы Қанағат Муслимов оқып, таныстырды.

Орынбасар Иса Өтегенұлының білім жолы:

  • 2007–2016 жылдары Атырау облысы, Индер ауданындағы «Көктем» қазақ орта мектебінде білім алған.
  • 2016–2019 жылдары Индер көпбейінді ауылшаруашылық колледжінде оқыған.
  • 2019–2022 жылдары Алматы қаласындағы «Әбу Ханифа» медресе-колледжінде исламтану мамандығы бойынша білім алған.
  • 2023–2026 жылдары Астана қаласындағы «Хұсамуддин әс-Сығанақи» атындағы ислам институтының Ислам ілімдері бөлімін тәмамдаған.

Берік Тілепбергеновтің білім және еңбек жолы:

  • 2011–2015 жылдары Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде инженер-металлург мамандығы бойынша білім алған.
  • 2018–2021 жылдары Алматы қаласындағы «Әбу Ханифа» медресе-колледжінде исламтану, имам-хатиб мамандығын меңгерген.
  • 2021–2022 жылдары Атырау облысы, Махамбет ауданы, Бейбарыс ауылындағы «Қасым хан» мешітінде имам қызметін атқарған.
  • 2022–2025 жылдары Махамбет ауданы, Ақтоғай ауылындағы «Дүйсәлі қажы» мешітінің имамы болған.
  • 2025 жылдан бастап Атырау қаласы, «Ықылас» мешітінің наиб имамы әрі Иманғали орталық мешітіне қарасты Құран жаттау және діни сауат ашу орталығының ұстазы қызметін атқарып келеді.

Жаңа қызметке тағайындалған дін қызметкерлеріне мешіт жұмысын жандандыру, жамағатпен байланыс орнату және діни-ағартушылық бағыттағы міндеттерді абыроймен атқару жауапкершілігі жүктеледі.