Мақат ауданында имамдар марапатталды

Мақат ауданында мешіттер өткен жылды қорытындылап, жұмыс жоспарын талқылады.

Мақат ауданы мешіттеріне өткен жылы үш имам қызметке тартылды.

Қазіргі уақытта Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты діни оқу орындарына 9 шәкірт оқуға түсті.

«Алматыдағы Нұр-Мүбарак египет-ислам университетінде 9 шәкірт оқып жатыр. Медресе-колледжде 4 шәкірт білім алуда.

Ливан мемлекетінде бір шәкірт оқып жатыр. ҚМДБ-ға қарасты Қарилар орталығында 6 шәкірт білім алуда.   Жамағатқа тұрақты түрде «Құран және тәджуид», «Құран тәпсірі», «Сира», «Фиқһ», «Ақида», «Ислам әдептері», «Хадис ілімдері»,» Ихсан – тәрбие ілімі», «Араб граматикасы», «Намаз оқып үйренейік» дәрістері жүргізілуде» деп атап өтті Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов.

Іс-шара соңында Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов нәтижелі жұмыс атқарған аудан имамдарына алғыс хаттар табыс етті.