Мақат аудандық орталық мешітінде жастар жамағаты арасында білім жарысы өтті.
Үш турдан тұратын бәйге барысында жастар Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмірі, “Фиқһ” ілімі және “Ақида” бойынша білімдерін сарапқа салды.
Тартысты бәсекеде І орынды Мақсат Қамбаров, ІІ орынды Айдын Тілеков, ІІІ орынды Сағынғали Ерболұлы иеленді.
Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
“Біздің мақсатымыз – жастарымыздың иманды, білімді, саналы ұрпақтан болып бой түзеуіне үлес қосу. Мұндай білім сайыстары ислам дінінің құлшылықпен бірге, өркениет өзегі екендігін дәріптеу үшін де керек. Ислам – үлкен ғылым. Біз кезінде Еуропаға ғылымды апарған Әл Фараби, Ибн Сина сынды ғалымдарымызды дәріптеуіміз керек” дейді Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов.



Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.