Мақат аудандық орталық мешіті мен «Мақат футбол федерациясы» ҚБ бірлесіп, ем қабылдап жатқан Мәженова Сағадат Болатқызына қолдау көрсету мақсатында кіші аяқ добынан қайырымдылық турнирін ұйымдастырды.
Жарысқа 9 команда қатысып, шара барысында қайырымдылық жәрмеңкесі де өтті. Нәтижесінде 530 000 теңге қаражат жиналды.
Жиналған қаражатты Мақат аудандық орталық мешітінің бас имамы Біләл Сүннатқожаұлы Сағындықов Сағадат Болатқызының жұбайы Ануар Садыковқа табыстады.
Игі шараға атсалысқан барша азаматтарға алғыс білдіреміз.







