ҚҰСПАН МОЛЛА МЕШІТІНДЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

Қарттар күні қарсаңында Құспан молла мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Игі шара аясында 10 зағип жанға азық-түлік себеттері табысталып, әлеуметтік қолдау көрсетілді. Бұл бастама үлкенге құрмет, мұқтаж жанға көмек көрсету және қоғамдағы өзара жанашырлықты арттыру мақсатында жүзеге асырылғанын атап өтті мешіттің бас имамы Эммат Ғұмаров

Алла Тағала жасалған қайырымдылықты қабыл етсін!