ЖЫЛЫОЙДА ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Жылыой ауданында игі шара ұйымдастырылды.

Жұма намазынан кейін Жылыой ауданының бас имамы Думан Мұратұлы мешітке жиналған қарияларға арнайы құрмет көрсетіп, сый-сияпаттарын табыстады.

Шара барысында ақсақалдарға ізет білдіріліп, олардың елдің бірлігі мен ұрпақ тәрбиесіне қосып жүрген үлесі атап өтілді. Қариялар да өз кезегінде мешіт ұжымына ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.

Қазақ қоғамында үлкенге құрмет көрсету – ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан ізгі дәстүр. Осындай шаралар арқылы қарияларға деген құрметті арттырып, жастарға өнеге көрсету көзделеді.