«Мәулімберген» мешітінде оқу сыныбы ашылды (+ВИДЕО)

Атырау қаласына қарасты Тасқала ауылында орналасқан мешіттегі заманауи сыныптың ашылуына жергілікті жамағат тікелей атсалысты.

Мешіт жанынан жұмысын бастаған оқу орталығын Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жергілікті ақсақалдардың қатысуымен ашты.

«Жат ағымның алдын алу үшін сапалы мамандар керек. Ондай мамандар ауылдан шығуы қажет. Осы ретте әр ауыл мешітінен осындай сыныптар ашылып отырса, бұл ұлт болашағы үшін салынған инвестиция» деді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Сондай ақ, бұл күні «Мәулімберген» мешіті жанынан заманауаи тахаратхана есігін ашты. Онда ерлерге және әйелдерге арналған дәрет алу бөлмелері жасақталған.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.