Оразаның мәні неде?

Сұрақ: Исламда оразаның мәні қандай?

Жауап: Исламдағы бес парыздың бірі – «Ораза». Ораза араб тілінде «Саум» және «Сыям» деп аталады. Бұл сөздердің мағынасы: «бір нәрседен бойын аулақ ұстау, өзін тыю, қарсы тұру». Шариғи анықтамасы: «таң атқаннан күн батқанға дейін өзін ішіп-жеуден, жыныстық қатынастардан саналы түрде тыю».