Әтір оразаны бұза ма?

Сұрақ: Әтір және басқа да иіссулар оразаны бұза ма?

Жауап: Әтір, иіссуларды пайдалану, олардың хош иісін иіскеу Ханафи мәзһабы бойынша оразаны бұзбайды және оразаға ешқандай жағымсыз әсер етпейді. Сонымен қатар, хош иісті өсімдіктер иісін, мысалы, раушангүл мен раушан майын иіскеу барысында ораза бұзылмайды.