Ораза фидиясын төлеу тәртібі

Сұрақ: Оразаның фидясы бір кедейге төлене ме, әлде бірнешеуге ме?

Жауап: Қаза болған оразаның төлемін бір адамға да, бірнеше адамға да беруге болады. Бұл жағдайда адам төлем сомасын өз қалауымен бөле алады. Ол бүкіл фидяны бір адамға немесе бірнеше мұқтаж кісілерге таратып бере алады. Кедейлерге еш нәрсені түсіндіріп жатудың қажеті жоқ.