ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің Атырау облысы бойынша жауапты маманы Назарбай Базарқұлұлы мен технолог маман Назерке Телқозықызы қаладағы ҚМДБ-ның «Халал» сертификатына ие бірнеше кәсіпорынға арнайы жоспарлы тексеріс жүргізді.
Тексеру барысында өндіріс орындарында халал талаптарының сақталуы, шикізаттың шығу тегі, өнімді дайындау үдерісі, санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы және тиісті құжаттамалар зерделенді.
Жоспарлы тексеріс төмендегі кәсіпорындарда жүргізілді:
- «COFE TRAVELERS» – М. Өтемісов көшесі, 116;
- «AFSONA» – Абай көшесі, 9;
- «ХАЛИЛ УСТА» – Привокзальный ықшамауданы, 5/7;
- «ZAU-ZAU» кондитерлік цехы;
- «NAN CAKES & BAKES» – М. Өтемісов көшесі, 116;
- «BALYK BAR» – Авангард-2, 23А;
- «ZAYTUNA» – А. Владимирский көшесі, 16.
Мұндай бақылау шаралары ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің халал стандарты талаптарының тұрақты сақталуын қамтамасыз ету, тұтынушылардың сенімін нығайту және кәсіпорындардың халал өндіріс қағидаларын ұстануына бағытталған.
Кәсіпорын өкілдеріне халал стандарттарының талаптарын қатаң сақтау жөнінде тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бірқатар ұсыныстар берілді.
Тексеру қорытындысы бойынша халал талаптарына сәйкессіздіктердің анықталуына байланысты қаладағы «Зейтүн» және «Балық бар» тамақтану орындарының ҚМДБ «Халал Даму» сертификатының күші тоқтатылды. Аталған кәсіпорындар ҚМДБ «Халал Даму» стандарттарының талаптары толық орындалғаннан кейін ғана сертификаттаудан қайта өте алады.












