ҚМДБ ҚҰЖАТТАРЫН НАСИХАТТАУҒА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлының төрағалығымен ҚМДБ құжаттарын насихаттау мақсатында өңір имамдарына арналған арнайы жиын өтті.

Басқосуда ҚМДБ тарапынан қабылданған ресми құжаттардың мән-маңызы, оларды жамағат арасында кеңінен түсіндірудің маңыздылығы сөз болып, имамдарға нақты тапсырмалар жүктелді. Сондай-ақ, діни қызметтің бірізділігін сақтау, мешіттерде жүйелі уағыз-насихат жұмыстарын күшейту қажеттігі де айтылды.

Жиын барысында бас имам Болатбек Ұласқанұлы:

«ҚМДБ құжаттары — біздің идеологиялық бағытымыздың негізі. Оларды халыққа дұрыс жеткізу — әрбір дін қызметкерінің міндеті», — деп атап өтті.

Кездесу соңында қатысушылар ұсыныс-пікірлерімен бөлісіп, алдағы жұмыс жоспары нақтыланды.