Құрбан айт: Сұлтан Бейбарыс мешіті 600 баланы қуантты (+ВИДЕО)

Қасиетті Құрбан айт мерекесін Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешіті ауқымды форматта атап өтті.

Ұлық мереке күндері Сұлтан Бейбарыс мешіті 600 бүлдіршінге айттық таратты. Еріктілер көшелерді аралап жүріп, сыйлық тарату арқылы балаларды қуантты.

Айт күндері мешітте 8 қой малы құрбандыққа шалынып, 24 мұқтаж отбасына ет таратылды.

Бұдан бөлек, мешіт жанынан ұлттық ойын түрлері бойынша байқаулар ұйымдастырылды.


Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.