Құрбан айт: «Мәулімберген» мешітінде 40 отбасына ет, 300 балаға тәттілер таратылды (+ ФОТО)

Қасиетті Құрбан айт мерекесі Атырау қаласының Тасқала елдімекеніндегі «Мәулімберген» мешітінде кең ауқымда аталып өтті.

Айт күндерінде мешіт маңында киіз үй тігіліп, ерлер жамағаты арасында ұлттық спорт түрлерінен бәйге ұйымдастырылды.

15 қой малы құрбандыққа шалынды. Әлеуметтік жағдайы төмен 40 отбасына құрбан малының еттері жеткізілді. Сонымен бірге, 300 бүлдіршінге айттық сыйлықтар үлестірілді.

Осылайша, Құрбан айт Тасқала ауылында бұқаралық сипатта ұйымдастырылды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.