Құрбан айт: Мақат ауданында бұқаралық шаралар 3000 адамды қамтыды (+ ФОТО)

Құрбан айт мерекесі кезінде Мақат аудандық әкімдігі және Мақат аудандық орталық мешіті ұйымдастырған бұқаралық шаралар 3000 адамды қамтыды.

Айт намазымен бірге, ұлық мереке кезінде ер адамдар арасында қазақтың ұлттық спорттық ойындарынан жарыстар ұйымдастырылды. Арқан тартыс, кір тасын көтеру, жамбы ату, қазақша күрес сынды ұлттық спорттық ойын түрлері ауқымды форматта ұйымдастырылып, шараларға жүздеген жамағат қатысты.

Мереке күндері Мақат аудандық орталық мешіті, Доссор мешіттерінде 1880 балаға айттық сыйлықтар үлестірілді. Бұдан бөлек, мешіт аулаларында батуттар орнатылып, бүлдіршіндерге ерекше мерекелік көңіл-күй сыйланды.

Мақат ауданы бойынша 6 ірі – қара, 50-ден аса қой малы құрбандыққа шалынды. Жергілікті мешіттер 297 мұқтаж отбасына құрбан малының еттерін жеткізіп берді.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.