Рамазан: Атырауда мешіттің ұйытқы болуымен 22-ші баспана мұқтаж шаңыраққа табыс етілді (+ФОТО, +ВИДЕО)

Атырау облыстық «Иманғали» мешіті, Атырау қалалық әкімдігі және «Зекет» қорының ұйытқы болуымен қасиетті Рамазан айында екінші баспана кезекті мұқтаж отбасына табыс етілді.

Көп балалы отбасы мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отыр.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында бұл жолы баспана көп балалы Роман – Салтанат Алмағамбетовтер отбасына табыс етілді. Республика бойынша, 376-шы, Атырау облысы бойынша 22-ші баспана осылайша, қасиетті Рамазан айында тапсырылып отыр. Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаевқа, демеушілерге Алла разы болсын» деді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысы бойынша 21-ші баспана төрт бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты Нұргүл Бердіғалиеваға табыс етілген болатын.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.