Бүгін Атырау орталық мешітінде Бас имам Алтынбек Ұтысханұлының қатысуымен мәжіліс өтті. Жиында мешіттегі құлшылық, өзге де ұжымдық шараларды карантин талаптарын қатаң сақтай отырып, өткізу мәселесі де талқыланды.
«Мәселен, жұма намаздарында ара қашықтық сақталуы, жамағаттың маска кию, антисептик қолдану, қол алысып амандаспау сынды қарапайым оқшаулану шараларын сақтауын қадағалау қажет.
Рамазан айында облыс мешіттерінде көптеген қайырымдылықтар жасалды. Ол жерде мүфтият тарапынан берілген тапсырмалар, бастамашылдық бағыттағы акциялар да бар. Осы ретте, қайырымдылық шараларына атсалысқан имамдарға алғыс айтамын» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Еске сала кетелік, қасиетті Рамазан айында Атырауда «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында екі көп балалы отбасына баспана кілті табыс етілген болатын. Сондай ақ, көптеген отбасыларға азық-түліктей қолдау көрсетілді.
Мәжіліс барысында алдағы жылдары Атырау облысында салынатын 25 мешіт жайы да талқыланды. Қазіргі уақытта мешіттер тұрғызылатын нақты аумақтар бекітілді. Енді жобалық құжаттар, демеушілер мәселесімен жіті айналысу қажет» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.