РАНТ мүшесі Атырауда Құран жаттау және діни сауат ашу орталығының шәкірттерімен кездесті

Атырау облысына жұмыс сапары аясында республикалық ақпараттық насихаттық топ мүшесі, Ақтөбе медресе-колледжінің директоры  Әбдімүтәлі Қайназарұлы шәкірттермен кездесті.

Құран жаттау және діни сауат ашу орталығының тыныс-тіршілігімен танысқан ғалым ондағы оқу процесіне қатысты.

Шәкірттер тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, білім алудың маңызы, жастық шақтың қадірі тақырыптарында насихат айтты.

«Жасымда ғылым бар деп, ескермедім.

Пайдасын көре тұра, тексермедім» деп, Абай атамыздың айтқан сөзі бар. Бұл сөз барлығымызға қатысты. Адам бойындағы жалқаулығын жеңіп, жаңаны білуге, білім алуға, үйренуге ынтызар болып тұруы керек.

«Жігітке жеті өнер де аз» деген бар. Яғни, адам үнемі білім алу, іздену процесінде болуы керек. Жаңаны білуге, меңгеруге жастық шақ ең керемет уақыт. Сондықтан, уақыттың қадірін біліп, ең қымбат құндылықты тиімді пайдалануымыз керек» деп атап өтті ұстаз  Әбдімүтәлі Қайназарұлы.

Осындай рухани кездесу «Дина» базарына қарасты намазханада да өтті. Намазханадағы жамағат тарапынан қойылған сауалдарға жауап берген ұстаз Әбдімүтәлі Қайназарұлы бірлікте болудың маңызы тақырыбында насихат айтты.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.