Жылыойда имамдарға арналған семинар өтті

Жылыой ауданына жұмыс сапарымен барған Атырауға жұмыс сапары аясында республикалық ақпараттық насихаттық топ мүшесі, Ақтөбе медресе-колледжінің директоры Әбдімүтәлі Қайназарұлы имамдарға арналған семинар өткізді.

Семинар аясында Әбдімүтәлі Қайназарұлы қоғаммен байланыс, халықпен жұмыс, мешіттердің әлеуетін арттыру тақырыптарында дәріс оқып, іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Жылыой ауданына қарасты жеті мешіттің имамдары, ұстаз, азаншылары қатысқан жиын аясында ұстаз Әбдімүтәлі Қайназарұлы дін қызметкерлері тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.