РАНТ ӨКІЛДЕРІ IMAN LIFE PODCAST-ТА ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР МЕН ҚОҒАМДЫ АЛАҢДАТҚАН МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

Өңірге жұмыс сапарымен келген ҚМДБ жанындағы республикалық ақпараттық-насихат тобының (РАНТ) мүшелері ҚМДБ «Уағыз-насихат» бөлімінің меңгерушісі Батыржан Берденұлы және Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің ұстазы Нұралы Бақытұлы Атырау қаласындағы Иманғали орталық мешіті жанындағы IMAN life подкаст студиясында сұхбат берді.

Сұхбат барысында отбасылық құндылықтар, қоғамды алаңдатқан өзекті мәселелер және жастар тәрбиесіне қатысты сұрақтар кеңінен қозғалды.

Толық нұсқасын алдағы уақытта YouTube арнамыздан көре аласыздар.