САДАҚ АТУДАН ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДА САЙЫС ӨТТІ

Ислам және дәстүр құндылығы жылы аясында әйел-қыздар секторының өңірдегі өкілдерінің ұйытқы болуымен, Сұлтан Бейбарыс мешітінің қолдауымен садақ атудан арнайы сайыс ұйымдастырылды.

Сайысқа әр жастағы әйелдер мен қыздар қатысып, ұлттық спорт түріне деген қызығушылықтарын көрсетіп, мергендіктерін сынады. Бұл шараның басты мақсаты – халқымыздың дәстүрлі құндылықтарын, соның ішінде ұлттық спортты дәріптеу, сондай-ақ қыз-келіншектердің бойына жауапкершілік пен қайсарлық қасиеттерін ұялату болды.

75 қатысушы бақ сынаған сайыста жүлделі бірінші орынды Әр-рахман мешітінің “Нұр-Садақ” тобы жеңіп алса, екінші орынды “Иманғали” мешітінің “Сүннет жебесі”, үшінші жүлдені Құспан молла мешітінің “Назқоңыр” тобы өзара бөлісті.

Шара соңында үздік шыққан қатысушылар марапатталып, арнайы алғыс хаттар мен қаржылай жүлделер табысталды.

Ұйымдастырушылар мұндай рухани-спорттық шаралардың алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.