Атырау қаласындағы «Сұлтан Бейбарыс» мешітінде «Шәууәл шарапаты» қайырымдылық акциясы аясында игі шара ұйымдастырылды.
Аталған акция барысында 12 көпбалалы отбасыға азық-түлік қоржындары таратылып, қайырымдылық көмек көрсетілді.
Мешіт имамы Ержан Қуанышұлының айтуынша, мұндай қайырымдылық шаралары қоғамдағы бірлік пен жанашырлықты арттыруға сеп болады.
«Қайырымдылық – мұсылманның көркем мінезінің бір көрінісі. Мұқтаж жандарға көмек көрсету арқылы біз қоғамдағы мейірімділік пен ынтымақты нығайтамыз. Осындай игі істер алдағы уақытта да жалғасын табады», – деді ол.
Бұл шара – қоғамдағы мұқтаж жандарға қолдау көрсету, ізгілік пен жанашырлықты насихаттауға бағытталған игі бастамалардың бірі.




