Смайыл Сейтбеков оқырман сұрақтарына жауап береді

amin.kz/ 16 қыркүйек, 2020 жыл.   «Call-орталықтағы сұрақ-жауап» жалғасады.

Бейсенбі, 17 қыркүйек күні сағат 15:00-де ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі, Ғұламалар кеңесінің мүшесі, исламтанушы-ғалым Смайыл Сейтбеков «Білім апталығына» орай «Білім – сарқылмайтын кен» тақырыбында сұрақтарға жауап береді.

Ертеңгі эфирде білім алудың маңызы, діни және зайырлы білім, карантин кезеңіндегі діни білім алу мәселесі сөз болады. Осы төңіректегі сұрақтарыңыз болса, +7 (7172) 33-30-30 телефон нөміріне хабарласып, тікелей эфирді ҚМДБ-ның инстаграмдағы muftiyatkz парақшасынан тамашалай аласыздар. Сауалдарды direct-ке жолдауға да болады.