«Уақып» қорының басшысы Ардақ Оразбаев Атырауға жұмыс сапарымен келді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Уақып» қорының басшысы Ардақ Оразбаев арнайы іс-сапармен келді. Сапар барысында «Уақып» қорының өкілі атыраулық имамдармен кездесті.

Кездесу барысында Атырау облысы имамдарына уақыптың түрлері және артықшылығы, сонымен бірге, қордың алдында тұрған міндеттер туралы айтып өтті.

Айта кетсек, «Уақып» қоры – қайырымдылық ұйым, оның қызметі әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға, діни ағартушылық саладағы іс-шараларды жүргізуге, сондай-ақ дін қызметкерлерінің жұмысын жетілдіруге бағытталған. «Уақып» қоры көптеген мұсылман елдерінде бар.