Жылыой ауданына қарасты Жаңа Қаратон кентінде орналасқан Нұрқас Сатыбалды мешітінде кезекті қайырымдылық акциясы өтті.
Бұл жолы 10 отбасына бірінші қажеттіліктегі азық-түлік пакеттері таратылды.
«Іс-шара әлеуметтік жағдайы төмен шаңырақтарды қамтыды. Бұл бағыттағы шаралар жалғасады. Мешітмізге қолдау білдіріп, қайырымдылық жәшігіне салым салып жүрген азаматтарға Алла разы болсын» дейді ұйымдастырушылар.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.