amin.kz/ 30 сәуір, 2020 жыл. Қасиетті Рамазан айының құрметіне Жылыой аудандық орталық мешіті ондаған отбасына ауызашарға арналған тағамдар апарып берді.
«Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған «Қайырымдылық керуені» акциясы еліміздің түкпір-түкпірінде жүзеге асып келеді. Мың айдан да қайырлы Рамазанда Жылыой орталық мешіті осынау акцияға үлес қосып, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға ауызашар тағамдарын үлестірді.
Сауап еселенетін қасиетті айдағы құлшылықтарымызды, дұға-тілектерімізді Алла қабыл еткей» дейді Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз – қызметі.