Жылыой аудандық орталық мешіті ресейлік ғалымдарды қарсы алды.
Құлшылық үйіне Ресей этнографиялық музейінің Кавказ, Орталық Азия және Қазақстан халқы бөлімінің меңгерушісі Лариса Феодоровна Попова мен аталған музейдің Орталық Азия этнографиясы бөлімінің аға ғылыми қызметкері Стасевич Инга Владимировна арнайы келді.
Ғалымдарды қабылдаған Жылыой ауданы орталық мешітінің бас имамы Жасұлан Қағазғалиев Жылыойдың тарихы, өмірден өткен тарихи тұлғалар туралы ақпарат берді.
Еске сала кетелік, қазіргі уақытта Ресей этнографиялық музейі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетімен бірлескен зерттеу жұмыстарын жүргізуде.