Жылыойда Нұрқас Сатыбалды мешіті шәкірттерге құрмет көрсетті

Жылыой ауданына қарасты Жаңа-Қаратон кентінде орналасқан Нұрқас Сатыбалды мешіті балғын шәкірттерге ерекше демалыс сыйлады.

«Имани жаз» лагерінде білім алған сауат ашу курсының шәкірттерін Нұрқас Сатыбалды мешіті ұстаздары Құлсары қаласындағы «Дельфин» бассейніне апарып, көңілді демалыс сыйлады.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысы бойынша қала, аудан және ауыл мешіттерінде барлығы 1074 бала жазғы сауат ашу лагерінде білім алғанын жазған болатынбыз.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.