Жылыойда ҚМДБ халал стандартын алуға өтініш білдірген кәсіпорын тексерілді

Атырау облысы, Жылыой ауданында орналасқан «Кулгазиева» шұжық өндіруші кәсіпорын «ҚМДБ халал» сертификатын алуға өтініш білдірді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты⠀ «Халал Даму» халал стандарттау және сертификаттау мекемесі мамандарының Атырау облысындағы іс-сапары барысында «Мако» сауда белгісімен шығарылатын «Кулгазиева» шұжық цехының жұмысы тексерілді.

⠀Бақылау-қадағалау шараларын Атырау облысына арнайы сапармен келген «Халал Даму» халал стандарттау және сертификаттау мекемесі директоры Айбек Асқарбекұлы және жергілікті көмекші имамдар өткізді.

⠀Шұжық цехының өндіріс аумағы, шикізаттары, өндіріс технологиясы, санитарлық тазалығы мамандар тарапынан қадағаланды.

⠀Алдағы уақытта лабораториялық тексеріс нәтижесіне қарай,  «ҚМДБ халал» сертификаты табыстау туралы шешім қабылданатын болады.