Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Атырау облысына сапары (+ВИДЕО)

Атырау облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бірқатар іс-шараларға қатысты.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында екі баласы сал ауруына шалдыққан атыраулық Таңсамал Қайыроваға пәтер кілтін табыс етті. Жылыой ауданындағы Құлсары қаласынан тапсырылып отырған екі бөлмелі пәтерде барлық жағдай жасалған.

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовпен кездесуде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы діни кадр даярлау мәселесіне жергілікті билік тарапынан қолдау көрсету жайын, аймақтағы діни ахуал мәселесін талқылады.

Сонымен бірге, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау облысының имамдарымен арнайы кездесті. Кездесу барысында зияткер имам тұлғасы, мешіт жұмыстарын жаңа форматта ұйымдастыру мәселесі талқыланды.

Атырау облысына іс-сапары аясында Бас мүфти Махамбет ауданының Бейбарыс ауылында тұрғызылған Қасым хан мешітінің ашылу рәсіміне арнайы қатысты. 300 орындық мешіт жанында асхана, имам үйі бар.

Сондай ақ, Атырауда «Имамдар үйі» тұрғын үй кешені Бас мүфтидің қатысуымен ашылды. Қайта жаңғыртылған кешенде бір және екі бөлмелі барлығы алты пәтер бар.

Сонымен бірге Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Жусан» операциясымен оралғандармен кездесті. Және терроризм бабы бойынша сотталып, жазасын өтеп жатқандармен жалпы және жекелей кездесулер өткізді.

Сондай ақ, Бас мүфти бірнеше қайырымдылық акциясына қатысып, «Жусан» операциясымен оралғандарға азық-түлік пакетін, «Жусан» операциясымен оралған 17 балаға киім-кешек және жастайынан түрлі науқасқа шалдыққан дімкәс 30 балаға орталық бассейнге жолдама табыс етті.

Атырау облысына екі күндік жұмыс сапары аясында ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы жергілікті «Иман жастары» еріктілерімен кездесіп, арнайы сұхбаттасты.