Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Құрманғазы ауданына сапары аясында 6 отбасына пәтер кілтін табыс етті.
Баспана кілттері Райгүл Адырапова, Айнагүл Аманова, Анаргүл Жұмағазиева, Данагүл Сариева, Меңдібай Мұғаловқа табыс етілді.
«Жанашыр халқымыздың, мешіттеріміздің үлесімен баспаналы болып отырсыздар. Баспана іші құт-берекеге толсын! Ел үшін еңбек ететін салиқалы ұрпақ өсіп-өнетін шаңырақ иелері болуды нәсіп еткей» деді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Еске сала кетелік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бірнеше жылдан бері «Ел үлесі – пәтерге» жобасын жүзеге асырып келеді. Аталмыш жоба аясында әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж отбасыларға және дін қызметкерлеріне баспана беріліп келеді.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.