Алтынбек Ұтысханұлы журналистерді кәсіби мерекемен құттықтады

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жергілікті журналистерді кәсіби мерекемен құттықтады.

Қасиетті Құрбан айт мерекесімен тұспа-тұс келген Бұқаралық ақпарат қызметкерлері күніне орай өткен салтанатты шарада Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы қоғамдағы тұрақтылықты нығайту жолында атқарып жүрген еңбектері үшін журналистер қауымына алғыс айтты.

«Журналистер – билік пен бұқараның арасындағы алтын көпір. Қазіргідей ақпараттық тасқын заманында журналистердің жауапкершілігі мен ролі одан әрі күшейе түсті. Себебі, кез келген адам әлеуметтік желіге ақпарат жүктеп, өзін дерек көз деп жариялайтын қазіргідей жағдайда, жан-жақты сарапталған, зерттелген, шынайы ақпарат тарататын журналистердің құндылығы ерекше. Қоғам бірлігі, тыныштығын нығайту миссиясын абыроймен арқалап жүрген БАҚ қызметкерлеріне ризашылығымды жеткіземін» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Марапатталғандар қатарында «Атырау – Ақпарат» медиахолдингі директорының орынбасары Исатай Балмағамбетов, «Каспиан ньюс» телеарнасының директоры Қазыбек Кертаев, Өңірлік коммуникациялар қызметінің бөлім басшылары Нұрлыбек Бақтығали, Салауат Қожықов, «Атпресс.кз» сайтының журналистері Амандық Абдолов, Эльмира Мықтыбаева, «Атырау» газетінің тілшісі Майра Оразғалиева, «Ақ Жайық» газетінің журналисі Нұрбейбіт Нұғманов, «Атырау – Ақпарат» медиахолдингінің оператор-монтаждаушысы Арсен Боранов, «Атырау» телеарнасы журналисі Ғасырбек Төлеген бар.