Атырау халқы Құрбан айттың алғашқы күнін жоғары деңгейде атап өтті (+ ФОТО)

Атырау облысында биыл Құрбан айт мерекесі жоғары деңгейде өтіп жатыр.

Облыс орталығындағы «Исатай – Махамбет» алаңында оннан астам киіз үй тігіліп, ұлттық ойындардан жарыстар өтті.

Тұрғындар айтыскерлер, жыршы-термешілердің, жергілікті өнерпаздардың өнерін тамашалау мүмкіндігіне ие болды.

Айт құрметіне тұрғындарға ас – ауқат таратылды.

«Құрбан айт – үлкен мереке. Бұл күні құрбан шалумен бірге, жақсы тілектер айтылып, бауырлар бір-бірін құттықтап жатады. Мерекенің түп-төркіні бауырластықты, ынтымақтастықты арттыруда маңызы зор» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.