АТЫРАУ ИМАМДАРЫНА АРНАЛҒАН ҚҰРАН ОҚЫТУ КУРСЫ АЯҚТАЛДЫ

Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлының тапсырмасына сәйкес, өңір имамдарының кәсіби біліктілігін арттыруға арналған Құран оқыту курсы өз мәресіне жетті.

Бес күнге созылған оқу барысында Атырау қаласы бойынша «А» және «В» санатындағы дін қызметкерлері Құран Кәрімді дұрыс оқу ереждерін қайталап, тәжуид қағидаларын пысықтады. Сонымен қатар Құранды сауатты әрі көркем оқу дағдыларын жетілдіруге бағытталған практикалық сабақтар өткізілді.

Курс қорытындысы бойынша оқу бағдарламасын толық меңгерген қатысушыларға арнайы ҚМДБ сертификаттары табысталды.

Сертификаттарды ҚМДБ Құран секторының өңірдегі жауапты маманы Еркебұлан Жақсылықов табыстады.

Алдағы уақытта Құран оқытуға арналған біліктілікті арттыру курстары аудан және қала бас имамдарына, яғни «А» санатындағы дін қызметкерлеріне де ұйымдастырылатын болады.

Аталған оқу курсы имамдардың Құран оқу сауаттылығын арттырып, діни қызметтегі кәсіби біліктілігін жетілдіруге бағытталды.